Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

43 градусқа дейін ыстық болады: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

күн ыстық
Көрнекі фото: luxtopfit.com

26 шілдеде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық күтіледі деп хабарлайды Қазгидромет.

Күндіз 26 шілдеде Алматы облысында 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстіктен жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерінде найзағай, 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шанды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде күндіз 40-43 градус қатты ыстық болжануда. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында 26 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923851-43-gradusqa-deiin-koteriledi-erten-elimizdin-birqatar-onirinde-aptap-ystyq-bolady/

pixel