Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында бірқатар шенеунік ауыр жемқорлық қылмысы бойынша күдіктелуде

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ресми Telegram-каналында Алматы облысындағы бірқатар лауазымды тұлғалардың ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктеліп отырғанын жария етті.

"Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің лауазымды тұлғаларын ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша әшкереледі", - делінген хабарламада.

Аталмыш департаменттің басшысы өзіне бағынышты бас маманның делдалдығы арқылы Талғар АЭЖ қызметкерінен айтарлықтай мөлшерде пара алды деп күдіктеліп отыр. Ол параны осы мекемедегі электр энергетикасы саласындағы тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды бергені үшін алған болуы мүмкін.

"Аталмыш тұлғалар өз кінәларын толық мойындауларына байланысты пара алу және беру, сондай-ақ делдал болу фактілері бойынша ұсталған жоқ. Тергеу жалғасуда", - деп жазды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Тергеу мүддесіндегі басқа да мәліметтер жария етуге жатпайтыны алға тартылды.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі елімізде жемқорлықпен ұсталғандарға қолданылатын жазаның тым жеңіл екенін айтып, дабыл қаққан еді. Олар жемқор шененуніктерге қарастырылатын жаза түрін ауырлату үшін заң жобасына өзгертулер енгізуді ұсынып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923910-almaty-oblysynda-birqatar-seneunik-auyr-zemqorlyq-qylmysqa-bardy-dep-kudiktelude/

pixel