Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлдағы танымал көпбалалы отбасыда он жетінші сәби дүниеге келді

Опубликовано:

Култышевтар отбасы
Фото: Отбасының жеке мұрағатынан

Петропавл қаласында тұратын Култышевтар отбасында он жетінші нәресте өмірге келді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қуанышты жаңалықты отағасы Павел Култышевтың өзі хабарлаған.

"Шілде айында отбасымызда он жетінші бала - ер бала дүниеге келді. Оны Давид деп атадық", - дейді Павел.

Бұл Култышевтар отбасындағы оныншы ұл, сондай-ақ Павел мен Татьянаның жеті қызы бар.

Одан бөлек, бақытты отбасы тағы бір қуанышты жаңалықпен бөлісті. Ерлі-зайыптының үлкен қызы Инна тұрмысқа шыққан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Култышевтар отбасы туралы жазған едік. Павел мен Татьяна 2000 жылы шаңырақ көтерген. Үйленген кезде ер адам 22 жаста, келіншегі 19 жаста болыпты. Жастар үйленген сәтте қанша баласы болатынын жоспарламаған.

Татьяна тұңғышын 20 жасында босанған. Содан бері ол жыл сайын бір баланы дүниеге әкелген.

Павел қыздары мен ұлдарын бірдей жақсы көретінін айтады. Ер адамның сөзінше, үйде біреуі болмай қалса, оның орны бірден сезіледі екен.

Бақытты ата-ана балаларының есімдерін жатқа білгенімен, кейде олардың туған күндерін шатастырып алатынын жасырмайды.

Отағасының өзі сегіз балалы отбасында өскен. Ал Татьяна қарапайым жанұяда тәрбиеленген. Келіншектің сөзінше, бұған дейін жүктілік кезеңі мен босану процесінде ешқандай мәселе болмаған. Сәбилері 3-4 келі салмақпен дүние есігін ашқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923980-petropavldagy-tanymal-kopbalaly-otbasyda-on-zetinsi-sabi-duniege-keldi/

pixel