Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада ауыл әкімдері сайлауының нәтижесі жарияланды

Жарияланған күні:

сайлау12
Көрнекі фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорданың 40 ауылдық округінде ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Оған 122 үміткер қатысты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.

"Еліміздің тарихында алғаш рет өткізілген ауыл әкімдерінің сайлауына 122 кандидат тіркелді. Олардың 47-і саяси партиялардан ұсынылғандар: "Nur Otan" партиясынан - 32, "Ауыл" ХДСП - 4, "Ақ Жол" ҚДП - 4, "АDAL" саяси партиясынан - 3, ҚХП – 4, өзін-өзі ұсынған - 75 кандидат.

Шиелі ауданындағы Ортақшыл және Жуантөбе ауылдық округтеріндегі сайлауға тек өзін-өзі ұсынған үміткерлер қатысты. Облыс бойынша ең көп кандидат Жаңақорған ауданының Кейден ауылдық округінде тіркелген – 6 кандидат", - дейді Ғалым Қонақбайұлы.

"Сайланған 40 әкімнің 10 мемлекеттік қызметші, 22 – сол ауылдық округтің қызмет атқарып жүрген әкімдері, 5 – бюджеттік сала қызметкерлері, 3 – уақытша жұмыссыз азаматтар, 1-і әйел.

Ауылдық округ әкімдерінің сайлауларын жарамсыз деп тануға немесе қайта сайлау өткізуге негіз болған жоқ. Барлық сайлау учаскелерінде заң талаптары толықтай сақталды", - дейді облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Болат Накипов.

Айта кетейік, жаңадан сайланған әкімдердің орташа жасы 46,7 құрайды, ең жасы - 27 жаста. Ал сайлаушылардың ең көп дауысын жинағаны Сұлтанов Мейрбек Арал ауданы, Бекбауыл ауылдық округінен сайлауға түскен.

Сайланған әкімдердің 35-і саяси партиялардан. Яғни, олардың қатарында «Nur Otan», «Ауыл», "ADAL", "ҚХП" партиялары бар.

Сонымен қатар, өзін өзі ұсынған 5 азамат жоғарғы нәтиже жинап, ауыл әкімі атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924050-qyzylordada-auyl-akimderi-sailauynyn-natizesi-zariyalandy/