Павлодар облысында 19 жастағы жігіт құмға көміліп мерт болды
Жарияланған күні:
Жас жұмысшының су құбыры тартылып жатқан шұңқырда құмға көміліп қалғаны анықталды. Қайғылы оқиға 26 шілдеде түстен кейін болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Павлодар облысының ПД-ға сілтеме жасап.
Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жұмысшының өліміне әкелген қайғылы жағдай Марғұлан ауылында болған.
Құмға көміліп қалған 19 жастағы жігіт оқиға орнында қайтыс болды. Қазір полиция мән-жайды анықтап жатыр. Іс жүзінде сараптамалар тағайындалды.
Сонымен қатар, Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем дәрігерлері бұл жерге бармағанын хабарлады.
Еңбек басқармасында олар өз кезегінде жұмысшының өлімі туралы хабарлама оқиғадан бірнеше сағат өткен соң келгенін айтты.
Қазіргі уақытта инспекторлар ең алдымен еңбек қатынастарының бар-жоғын анықтауы керек. Егер келісімшарт болса, онда тексеру жүргізіледі, ал егер жоқ болса, онда сотқа жүгіну ұсынылады.
Еске сала кетсек, Алматы облысының Ұйғыр ауданында екі ер адам демалыс аймағы маңында кәріз құбырларын қойып жатып, каналды қазу кезінде топырақ үйіндісінің астында қалған болатын.
Жұмысшылардың бірі Шығыс Қазақстанның 43 жастағы тұрғыны, екіншісі 34 жастағы Қарасай ауданының тұрғыны. Қайғылы жағдай 17 қарашада Шоңжы ауылынан 70-80 шақырым жерде орналасқан демалыс орнында болған.
Оған қоса, 29 қазанда Шоңжыдағы дәретхана қағазын шығаратын цехте жарылыс болған еді. Қайғылы оқиғаның салдарынан 37 жастағы ер адам көз жұмған. Құтқарушылар оны үйіндінің астынан шығарып алған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924147-pavlodar-oblysynda-19-zastagy-zigit-qumga-komilip-mert-boldy/