Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ миллиардері күйеуі тастап кеткен әйелге ойда жоқта баспана сыйлады

Опубликовано:

Касипкер
Батыр Сиябек. Скриншот: YouTube/ Уақыт көрсетеді

Белсенді Нұрсейіт Жылқышыбайдың YouTube платформасындағы "Жұртың жұтамасын" деп аталатын жобасына қонақ болған кәсіпкерлердің бірі Батыр Сиябек бағдарлама барысында жағдайы нашар отбасыға баспана сыйлап, қуантты. Ойда жоқта баспаналы болған әйел телефон арқылы көз жасын тыя алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрсейіт Жылқышыбай өзінің бағдарламасына шақырған азаматтарға жағдайы жоқ қазақ отбасыларына, көпбалалы аналарға көмек беру туралы айтып, қолқа салатынды дәстүрге айналдырған. Бұл жолы да бұл дәстүрден талмай, кәсіпкер Батыр Сиябекке бір отбасыға көмек беруді ұсынған. Көмек берілетін азаматтар тізімі конвертте кездейсоқ түрде таңдалады. Бақытына орай, конверт ішінде Алматы қаласында пәтер жалдап тұратын үш балалы ана Қиғаш Сәрсенбаеваның есімі шыққан.

Әйелмен тап сол жерде телефон арқылы хабарласқан кәсіпкер оның күйеуі тастап кеткенін, балаларының кішісі бір жарымда ғана болғасын, жұмысқа шыға алмай отырғанын анықтап, оған көмек беруді ұйғарды.

"Квартирадан қатты қиналып кеттім. Сосын көмек сұраған едім. Көшіп-қонып жүрген қиын екен. Күйеуім де оңбады. Ішіп алып, ұрлық жасайды. Тым болмаса бір бөлмелі пәтер болса. Жер болса да, көмек берсеңіздер екен", - деді Қиғаш Сәрсенбаева.
"Жақында он отбасыға арнап баспана салуды қолға алдық. Міне, бір-екі күнде іргетасын құямыз. Сол үйлердің бірін сізге берейін. Бірақ ол қашан бітетіні белгісіз. Дегенмен, сол үйге кіргенше, сізге бір жыл бойғы пәтерақыңызды төлеп берейін", - деп ұсыныс білдірді ол.

Мұндай жомарттықты көрген әйел телефон арқылы жылап жіберді. Ол кәсіпкерге алғысын жаудырып, рахметін айтты.

"Рахметті маған айтпаңыздар. Мына жігіттерге айтыңыз. Осы кісілер ұйымдастырып жүрген, себеп болған", - деп сөзін түйіндеді кәсіпкер.

Еске салсақ, осы сұхбатында Батыр Сиябек өзінің марқұм досының жесірін екінші әйелі етіп алып, екі баласына әке болып отырғанын айтқан. Айтуынша, бәйбішесінен рұқсат алған ол бүгінде екі жарымен бірге тату-тәтті өмір сүріп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924156-qazaq-milliarderi-kuieui-tastap-ketken-aielge-oida-zoqta-baspana-syilady/

pixel