Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда TikTok-қа түспек болған жас жігіттерді полиция ұстап әкетті (видео)

Опубликовано:

Көрнекі
Фото: pexels.com

Нұр-Сұлтан қаласында TikTok желісіне видео түсірмек болған жас жігіттер "Қараөткел" көпірінің аркасына шықты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елорданың полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, оқиға 26 шілде күні болған.

Үш жігіт таңғы сағат бесте Қабанбай батыр даңғылында орналасқан көпірдің аркасына мініп алған.

Олар бұл уақытта өздерін ешкім байқамайды деп ойлапты. Алайда TikTok "жұлдыздарының" ерсі әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалады.

Осыдан кейін оқиға орнына бірден полиция экипажы аттанған.

Полиция қызметкерлері тәртіп бұзғандардың 19 және 21 жаста екенін атап өтті.

Ведомство дегерінше, жас жігіттерге айыппұл салынбаған.

Тәртіп сақшылары бұндай әрекеттің қаншалықты қауіпті және тиісті жазаның бар екенін түсіндірді. Осыдан кейін үшеуі де босатылды.

Ал жас жігіттер көпірдің аркасына не үшін шыққанын ашып айтқан. Олар TikTok-қа видео түсіргісі келгенін жасырған жоқ. Бірақ жоспарлары іске аспай қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924175-nur-sultanda-tiktok-qa-tuspek-bolgan-zas-zigitterdi-policiya-ustap-aketti-video/

pixel