Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент балалар мен жасөспірімдерге арналған "Bolashaq saraiy" ғимаратына барды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында балалар мен жасөспірімдерге арналған 1172 орындық сарайды аралап көрді деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына көрме залы, 3D жобалау лабораториясы, киберқауіпсіздік, Lego Mindstorms, өнеркәсіптік интернет заттары, электроника және жаңартылған энергия көздері кабинеттері таныстырылды.

Балалар Көкшетаудағы бұл сарайда ғылыми-зияткерлік, шығармашылық және спорт бағыттары бойынша жұмыс істейтін 76 үйірмеден қосымша білім алады. Сонымен қатар жастармен және жасөспірімдермен жұмыс жүргізіледі.

Президент сарайдағы шәкірттермен онлайн режимінде сөйлесіп, олардың оқуына табыс тіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев "KazRost Engineering Ltd." компаниясына барған болатын.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Ақмола облысының жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен әңгімелесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесті. Президент ауылдардың, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтердің басшыларының тікелей сайлауы саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіретін маңызды әрі тарихи оқиға екенін атап өтті.

"Шын мәнінде, ел тарихында осындай сайлау алғаш рет ашық әрі әділ өткізіліп отыр. Халық тарапынан ешқандай  шағым түспеді. Мұндай сайлау болған емес.  Біз сайлауды біреуге ұнау үшін емес, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін өткіземіз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924225-prezident-balalar-men-zasospirimderge-arnalgan-bolashaq-saraiy-gimaratyna-bardy/

pixel