RU

"Денемнің бәрі шіріп жатыр": Есірткінің ауыр түрін қолданған жігіт өмірінің тозаққа айналғанын айтты

есірткі тәуелділік11
Көрнекі фото: pixabay.com

39 жастағы Павлодар тұрғыны Артем бүгінде есірткіге тәуелділіктен арылу үшін арнайы диспансерде жатыр. Есірткінің түрлі сортын пайдаланып көрген ол тірі өлікке қалай айналғанын білмейді. Артемнің есірткіге қызығушылы бандиттер туралы фильмнен басталған. Қазіргі таңда ол емделу үшін бар күшін салуда. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген Артем есірткінің адам өмірін қалай тозаққа айналдыратынын айтты.

Артемнің есірткімен таныстығы жоғары сыныптарда басталады. Ол достарымен бірге шетелдік мафия туралы фильмдерді көріп, сондағы кумирлеріне ұқсағысы келеді. Әсіресе, "Өкіл әке" фильміндегі Аль Пачиноның образы оған қатты ұнайды.

"Ол кезде есірткіні қолдану сәнді болды деп айтуға болады. Алғаш рет достарыммен бірге марихуанадан бастағам. Шегіп алып, төртаяқтап жүріп, айқайлап, көршілердің зәресін ұшырғанбыз. Бұл бізге қорқынышты нәрсе сияқты көрінген жоқ. Біз бұған тек күле салдық", - деп еске алады Артем.

Мектеп бітірген соң Артем шегетін есірткінің неше атасын пайдаланып көреді. Бірақ мұның бәрі аз көрініп, кейін инеге отырады.

"Мен әртүрлі заттарды шектім. Кәдімгі аула қарасорасынан хош иісті шөп қоспаларына дейін. Бір сәтте мұның бәрі маған қызықсыз болып көрінді де, героинді сынап көруді шештім. Бір дозасын қолданғанда керемет заттай көрінді. Героиннен кейінгі әсер өте ауыр. Тәуелділік алғашқы дозадан кейін пайда болады. Соңғы екі жылда "соль" атты есірткіге тәуелдімін. Бұл тез есірткі деп аталады. Жастар арасында сәнге айналған", - дейді Артем.

Ер адамның айтуынша, "соль" адамның психикалық жағдайына қатты әсер етеді.

"Үнемі көңіл күйің болмайды. Егер екі күн бойы қолданбасаң, өзіңнен өзің айқайлап, жан жағыңдағы адамдармен ұрыса бастайсың. Галлюцинация басталады. "Хобот" әсері басталы. Яғни, техниканы бөлшектеп тастағың келеді. Осылайша, мен үйдегі теледидар, шәйнек, үтік және басқа жабдықтарды бөлшектеп тастағам.

Бұл есірткісіз дұрыс ұйықтай алмаймын, тамақ ішіп дәретке де бара алмаймын. Қазіргі сәтте мен үшінші тәулік бойы ұйықтамадым. Есірткіден соң екі-үш күн ұйықтаймын. Оянған кезде менде тамақ ішіп, су ішуге 15-20 минут болады. Одан кейін әрі қарай жағдай нашарлайды. Тағы екі-үш күнге ұйқыға кетемін", - дейді ол.

Есірткіні жиі пайдаланғандықтан, Артемнің денесіндегі инъекция орындары шіри бастаған.

"Менің денемде тыртықтар мен кесілген жерлер көп. Шіри бастаған жерлерді дәрігерлер кесіп тастаған. Аяқтарым, сандарым бәрі кесілген. Енді бөкселерім шіри бастады, онда мен соңғы рет салған едім. "Сольдан" шығу өте қиын. Мен, әрине, бәрін тастағым келеді. Бірақ мұны наркологта да, психиатрда да ұзақ емдеу қажет. Мен бұл зұлымдық екенін және мені құрдымға жібергенін түсінемін. Қырыққа келсем де отбасым, достарым, жұмысым жоқ. Ештеңе жоқ. Тек аурулар мен есірткіге тәуелділігім бар", - дейді әңгімелесуші.

Артемнің арманы - уақытты қайтару және ешқашан есірткі қолданбау. Бірақ, өкінішке қарай, бұл енді арман ғана болып қалады. Ол барлық адамды, әсіресе, жастарды бір нәрсені қолданар алдында мұқият ойлануға шақырады.

Ол өзінің қателігінен сабақ алуға шақырды. Артем есірткі диспансеріне өз еркімен барып, тәуелділіктен айығуға тырысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924337-denemnin-bari-sirip-zatyr-esirtkinin-auyr-turin-qoldangan-zigit-omirinin-tozaqqa-ainalganyn-aitty/