Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да сотталушылар түзету мекемесінен қашып шығып, көлік ұрлаған

Опубликовано:

Түзету
Фото: ШҚО ПД

Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында ерекше режимде ұстайтын арнайы мектепте төтенше жағдай орын алды. Ұрлық, алаяқтық үшін сотталған екі жасөспірім мекемеден қашып кеткен. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

30 маусымда сағат 04.30 шамасында кезекші түнгі тексеру кезінде екі жасөспірімнің жоқ екенін анықтады. Олардың бірі арнайы мектепке Түркістан облысынан, екіншісі Қызылордадан келген.

Бақылау камерасы олардың қашу сәтін түсіріп алған. Онда екі жасөспірімнің жоғарғы қабаттан төсек жаймасын пайдаланып, төмен түсіп, үш метрлік металл дуалға өрмелеп шығып, мекеме аумағынан қашып кеткені көрсетілген.

Осыдан кейін жеке құрам кәмелетке толмағандарды іздеуге шығып және бекеттер орналастырды.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары қашқындардың ауданның 54 жастағы тұрғынына тиесілі УАЗ автокөлігін ұрлап кеткенін анықтады.

Олар көлікті жақын елді мекенге апарып, 70 мың теңгеге сатып жіберген.

Осыдан кейін Өскеменге таксимен барып, қаладан Алматыға қарай аттанған.

Полицейлер жасөспірімдерді Өскеменнен 140-150 шақырым жерде ұстады.

Қазіргі уақытта оқушылар арнайы мектепке қайтарылды.

Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің 200-бабы, 1-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Түзету
Фото: ШҚО ПД

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924408-sqo-da-sottalusylar-tuzetu-mekemesinen-qasyp-sygyp-kolik-urlagan/

pixel