Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кей өңірлерде ковидтік стационарлар науқастарға толып қалған": Министр үндеу жасады

Опубликовано:

вируссс
Көрнекі фото: www.rbc.ru

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берді. Оның сөзінше, бірқатар өңірде инфекциялық стационарлар пациенттерге толып қалған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы ақпаратты министр брифинг барысында жария етті.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс салмақ түсіп отыр.

"Бүгінде бірқатар өңірде ковидтік стационар науқастарға толып қалды. Денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс салмақ түсіп отыр. Салдарынан халық медициналық көмекке уақытында қол жеткізе алмауы ықтимал. Ал бұл инфекцияның одан әрі таралуына, аурушаңдыққа және өлім-жітімнің көбеюіне алып келеді", - деді Алексей Цой.

Министр 28 шілдедегі жағдай бойынша республикада инфекциялық төсек-орындардың 53%-ы (24 748 төсек) науқастарға толғанын жеткізді.

Оның сөзінше, инфекциялық және реанимациялық төсек-орындарға қажеттілік Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда облыстарында артқан.

"Егер былтыр тәулігіне 2 мың адамға дейін болса, биыл шілдеде бұл үш есеге өсті (6 925 адам). Емделіп жатқан пациенттер саны да екі есеге ұлғайды, деді Алексей Цой.

Денсаулық сақтау министрі бірқатар өңірде инфекциялық және реанимациялық төсек-орындар тапшылығы болуы мүмкін екенін ескертті. Олар Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Ақмола және Қызылорда облыстары.

Алексей Цой шілденің басымен салыстырғанда ауыр хәлде жатқан науқастар саны 2,1 есе , 709-дан 1500 адамға дейін көбейгенін жасырмады.

Қазіргі уақытта мыңға жуық науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924450-keibir-onirlerde-kovidtik-stacionarlar-nauqastarga-tolyp-qalgan-ministr-undeu-zasady/

pixel