Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан коронавирусқа қарсы тағы бір Қытай вакцинасын сатып алуды жоспарлап отыр

Опубликовано:

Вакцина
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан коронавирусқа қарсы тағы бір қытайлық вакцина сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазір қытайлық жаңа вакцинаны сатып алу жоспары тұр, оны әріптестерімізбен пысықтап жатырмыз және вакцинаны ДДСҰ аккредиттеуден өткізеді. Сондықтан біз үшін вакцинаны мүмкіндігінше тезірек ел ішіне жеткізу өте маңызды.
Сондықтан қайта бөлінген кезде нақты келісімшарттар жасалады, оның сомасын сіздерге жариялаймыз. Қазір келісімшартқа қол қою кезеңі жүріп жатыр", - деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алексей Цой баспасөз мәслихатында коронавируспен ауырғандардың барлығы дерлік вакцина алмағандар екенін жеткізген еді.

"Ауырғандардың 99,9%-і вакцина салдырмағанын атап өткім келеді. Бұл иммунизацияның қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдейді", - деді денсаулық сақтау министрі.

Алексей Цой әр екінші ересек қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, қазіргі уақытта 8,6 миллион доза пайдаланылған.

Соның ішінде бірінші компонент 5 230 750 адамға егіліпті. Бұл вакциналауға жататын халықтың 52,8 пайыызын құрайды. Екінші компонент 3 436 617 қазақстандыққа cалынған.

Егу пунктерінде 713 мың дозаға жуық бірінші компонент және 1 миллион 300 мың доза екінші компонент бар, деді министр. Алексей Цой сөзін қорытындылай келе қазақстандықтардывакцина салғызып, індеттен қорғануға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924469-qazaqstan-koronavirusqa-qarsy-tagy-bir-qytai-vakcinasyn-satyp-aludy-zosparlap-otyr/

pixel