Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстанда "қоңыр-қызыл" аймақ пайда болды

Опубликовано:

ашық жобасы11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясовтың кәсіпкерлік объектілерде "Ashyq" жобасын енгізуге қатысты жаңа қаулысы шықты. Сонымен қатар, жаңа құжатта коронавирусқа қатысты "қоңыр-қызыл" аймақ ұғымы пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қоңыр-қызыл" аймаққа инфекциялық төсек-орындардың толу көрсеткіші 70 пайыздан жоғары және төсек-орындардың толу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден жоғары болған өңірлер жатады.

Бұл ретте 2021 жылғы 9 тамыздан бастап "қоңыр-қызыл" аймақтағы нысандарға яғни "Ashyq көшбасшылары" мәртебесі бар объектілерге 00.00 сағатқа дейін, жоба бойынша жұмыс істейтін өзге де объектілерге сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеу рұқсат етіледі.

Одан бөлек, 2021 жылғы 2 тамыздан бастап "қоңыр-қызыл" аймақтағы "Ashyq" жобасына қатысушыларды қоса алғанда, меншік нысандарына қарамастан, барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі демалыс күндері тоқтатылады.

Бұл күндері тек әкімдіктерге, құқық қорғау органдарына, денсаулық сақтау ұйымдарына, БАҚ, азық-түлік дүкендеріне, дәріханаларға және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарына, сондай-ақ осы қаулының 9-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға жұмыс істеуге рұқсат.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Айта кетейік, еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы үш аймаққа ("жасыл", "сары" және "қызыл") бөлінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924641-koronavirus-qazaqstanda-qonyr-qyzyl-aimaq-paida-boldy/

pixel