Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Еліміздегі облыстардың бірінде 2 тамыздан бастап қосымша шектеулер енгізіледі

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

29 шілде күні Қарағанды облысында бас санитариялық дәрігердің жаңа қаулысы шықты. Аталмыш құжатқа сәйкес Ashyq бағдарламасына қатысатын нысандар ғана өз қызметін жалғастыра алады. Алайда, демалыс күндері Ashyq болған жағдайда да олардың көпшілігі жұмыс істемейді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында 29 шілде күні қолданыстағы қаулыға өзгерістер енгізілді.

Нәтижесінде 2 тамыздан бастап іске асырылатын қосымша шектеу шаралары енгізілді, атап айтқанда орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, Ashyq бағдарламасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі меншік нысанына қарамастан тоқтатылатын болды.

Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін, өнеркәсіптік кәсіпорындар, жекелеген қызмет түрлері бар бизнес-орталықтар үшін Ashyq-тан тыс қызметке жол беріледі.

"Ashyq" қосымшасын пайдаланған кезде келесі объектілерге демалыс (сенбі және жексенбі) күндері қызметін тоқтата отырып, сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі:

- моншалар, сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер, фитнес-клубтар, фитнес-орталықтар, соның ішінде йога-орталықтар, театрлар, концерт залдары, филармониялар, кинотеатрлар;

- нысан іштерінде орналасқан дәріханалар, супермаркеттер және азық-түлік павильондарын қоспағанда, сауда орталықтары, сауда үйлері, азық-түлік емес тауарларды өткізетін сауда желілері, көтерме-тарату орталықтары, Сауда-фермер орталықтары (осы объектілерде вакцинация пункттерінің орналастырылуына қарамастан);

- көлемі 1000 шаршы метрден 2000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған). Бұл ретте, цирктер, бильярд бөлмелері, боулингтер толымдылығы 30%-дан аспай, жұмыс режимі сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі және жексенбі) қызметін тоқтата отырып жұмыс істейді, ал PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтарға 12 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдар ғана жіберіледі.

Қоғамдық тамақтану объектілеріне (үй-жайда), оның ішінде мейрамхана, кафе және кофеханалар типі бойынша; сондай-ақ жазғы алаңдарға, стрит-фудтарға (жеке тұрған шатыр/дүңгіршек және т.б.), фуд-корттарға Ashyq-сыз тек тамақты шығару және жеткізу үшін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, ал Ashyq-ты пайдаланған кезде демалыс күндері қызметін тоқтата тұрып, сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Қаулы 2 тамыз күні сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924656-covid-19-elimizdegi-oblystardyn-birinde-2-tamyzdan-bastap-qosymsa-sekteuler-engiziledi/

pixel