Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамыз айының басында ауа райы қандай болады: Синоптиктер болжамы

Опубликовано:

Жаз
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК өкілдері 31 шілде-2 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синотиктердің болжамынша, тамыз айының басынан бастап Иранның аудандарынан елдің батыс бөлігіне жылы және құрғақ ауа массалары келе бастайды.

Нәтижесінде ел аумағында ауа райы жауын-шашынсыз әрі ыстық болады деп күтілуде. Ауа температурасы 33-38 гардусқа, кей жерлерде 43 градусқа дейін көтеріледі.

Республиканың қалған аумағы атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болатындықтан, жаңбыр жаууы ықтимал.

Мамандардың мәліметінше, 31 шілдеде оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің кей жерлерінде жел 15-20 м/с, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 25 м/с дейін күшейіп, шаңды дауыл болуы ықтимал.

Күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста 27-36 градусқа дейін ауа температурасының көтерілуі күтілуде, оңтүстікте 35-40 градус ыстық сақталады.

Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер шілденің соңғы күндері елімізде 41 градусқа дейін аптап ыстық күтілетінін ескерткен еді.

Одан бөлек, ғалымдар Жер бетінде жаңа рекордтық аптап ыстық болатынын айтып, дабыл қаққан болатын.

Цюрихтің Жоғары техникалық мектебінің ғалымдары ауа райының әдеттен тыс ыстық кезеңдері парниктік газдардың бөлінуімен байланысты болуы мүмкін екенін анықтаған. Салдарынан әлемде аптап ыстық үдей түсуі ықтимал дейді ғалымдар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924743-tamyz-aiynyn-basynda-aua-raiy-qandai-bolady-sinoptikter-bolzamy/

pixel