Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлтаев: Ажырасарда Әлия Юсуповаға коттедж бен пәтерімді, екі көлігімді тастап кеттім

Опубликовано:

Нұржан Әлтаев
Нұржан Әлтаев. Фото: Видеодан кадр

Бұрынғы мәжіліс депутаты, "Ел тірегі" тіркелмеген партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаев өзінің бұрынғы жұбайы, белгілі спортшы Әлия Юсуповамен ажырасуына қатысты пікір білдірді. Ол әйелімен екі жаққа кетерде оған бар мүлкін қалдырып кеткенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайында Нұржан Әлтаев Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында айтты. Экс-депутат отбасылық өміріне қатысты жан сырын ақтарды.

"Біз басында Шымкент қаласында тұрдық. Ажырасқан кезде жиған-терген меншіктің бәрін қалдырдым. Қаланың орталығында бассейнімен, үлкен жерімен жақсы коттедж болды. Одан бөлек бір квартира, екі көлік бар еді. Соның бәрін кіші баламның атына жаздырып, Әлияға қалдырып, астанаға бір чемоданмен кеттім. Еркек өз отбасынан кетсе, осылай кету керек деп ойлаймын" , - дейді ол.

Әлтаевтың айтуынша, қазір де алиментін төлеп, бұрынғы отбасына көмектесіп тұрады екен. Алайда Әлия Юсуповаға реніші бар екенін жасырмайды.

"Кейде отбасында екі көшбасшы болғаны қиын. Отбасы болғасын бәрі болады. Әлия – халық жақсы көретін спортшы ғой. Тәрбиелі адам. Дегенмен әйел заты болғасын әрдайым еркек кінәлі болып тұрады. Менің түсінбейтінім –кей сұхбаттарында ренішін айтып қалып жатады. Ол дұрыс емес. мен әрқашан ашықпын. Қандай мәселе болса да көмектесуге дайын екенімді айтқанмын" , - деп айтады Әлтаев.

Айта кетейік, қазір саясаткер елордада кейін үйленген әйелімен тұрады. 7 баланың әкесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924759-nurzan-altaev-azyrasarda-aliya-yusupovaga-kottedz-ben-paterimdi-eki-koligimdi-tastap-kettim/

pixel