Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыста жүзге жуық адамның қатысуымен өтіп жатқан қыз ұзату тоқтатылды (фото)

Опубликовано:

Тойхана
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында 100-ге жуық адамды жинап, той жасағандар анықталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс ауданының полицейлері әкімдік тарапынан құрылған арнайы мобильдік топтармен бірлесіп, аудан аумағында карантин талабының сақталуы бойынша күні-түні қарқынды қызмет атқарып жатқанын хабардар етті.

Ел арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, рейдтік-профилактикалық шаралар іске асып жатыр.

Осындай кезекті тексеріс кезінде тәртіп сақшылары Арыс қаласында орналасқан мейрамханалардың бірінде болып жатқан қыз ұзату тойының үстінен түскен.

Басылым дерегінше, мерекелік шараға 100-ге жуық қонақ жиналған.

Полиция өкілдері мобильдік топ келген қонақтарға адамдар көп жиналатын орындарға бармауды, той-жиындарға қатыспауды ескертіп, қыз ұзатуды тоқтатқанын жеткізді.

Той иесі мен мейрамхана егесіне қатысты іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924784-arysta-zuzge-zuyq-adamnyn-qatysuymen-otip-zatqan-qyz-uzatu-toqtatyldy-foto/

pixel