Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Фашизм": Министрлік шымкенттік дәрігердің вакцина туралы сөзін жоққа шығарды

Жарияланған күні:

Екпе
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі шымкенттік дәрігердің коронавирусқа қарсы вакциналау туралы тұжырымын жоққа шығарды деп хабарлайды Stopfake.kz.

Айна Бакееваның айтуынша, COVID-19-ға қарсы вакцинация "фашизмнің нақ өзі". Вакциналардың бірде-біреуі клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінен өтпеген, барлық қазақстандық коронавируспен ауырып шықты. Ал балаларда бұл ауру жеңіл өтеді, демек, ешкімге вакцина салудың қажеті жоқ.

Алайда еліміздің денсаулық сақтау министрлігі дәрігердің сөзін теріске шығарды. Қазір республикада "Спутник V", QazVac, Hayat-Vax және CoronaVac вакциналары салынып жатыр. Бұл вакциналар клиникалық зерттеулердің үш кезеңінен өткен.

"Қазақстанда қолданылатын коронавирусқа қарсы вакциналардың барлығы бірдей қауіпсіз және ауыр жағдайлардың алдын алуда тиімді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тіркелмеген дәрілік заттарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде дәрілік заттың сапасын растайтын өндіруші құжатының электрондық көшірмесі – талдау сертификаттары, сынақ хаттамасы немесе сапаны бағалау көрсеткіштері бар сапа паспорты, қазақ және орыс тілдеріне аудармасы болуы міндетті", – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстанда қолданылатын COVID-19-ға қарсы вакциналар тіркеу, нарыққа түсу және клиникалық зерттеулердің қауіпсіздігі мен тиімділігін растау үшін қажетті барлық сатылардан өткен.

Сонымен қатар экспериментке қатысушылардың ахуалын Бакеева айтқандай үш күн емес, орта есеппен 30 күн бойы бақылауда ұстайды.

Сондай-ақ ведомство қазақстандықтар толығымен коронавирусен ауырып шыққан жоқ деген мәлімдеме жасады.

Статистика бойынша 2021 жылдың 6 айында 18 миллион халықтың 270 мыңы коронавирус жұқтырғаны расталған. Сонымен қатар коронавирус жұқтырған балалардың арасында да өлім тіркелген жағдайлар бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924793-fasizm-ministrlik-symkenttik-darigerdin-vakcina-turaly-sozin-zoqqa-sygardy/