Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Видеоға түсірген: Қарағандыда кәмелетке толмаған қыз бен ұлға азғындық жасаған күдікті ұсталды

Опубликовано:

Ұялы телефон
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды қаласында жас балаларға қатысты азғындық әрекет жасады деген күдікпен ер адам ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Порталдың ақпаратынша, 54 жастағы ер адам азғындық әрекетін жасап, бәрін видеоға түсіріп, ғаламторда таратқан.

Ішкі істер министрлігінің киберқылмыспен күрес орталығы шетелдік әріптестерінен белгісіз біреу Қазақстан аумағынан "TOR" жабық желісі арқылы жас балаларға азғындық жасау видеоларын таратып жатқаны туралы ақпарат алған. Мамандар видеоны жан-жақты зерттеп, бірнеше баланың фотосын тапқан. Олар бейнежазбадағы балаларға ұқсас болып шыққан.

Жедел шаралар нәтижесінде кәмелетке толмаған 2007 және 2009 жылғы балалар анықталды. Екеуі де Қарағанды облысының тұрғыны. Әкесінің тұратын жері белгісіз. Ал анасы былтыр қайтыс болған. Содан бері екі бала Қарағанды қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленуде.

"Екі баланың анасы тірі кезінде олардың үйіне бір танысы келіп жүрген. Ер адам әйелге үй шаруасына көмектескен. Бір күні балалардың анасы үйде болмағанда ол қыз бен ұлды азғындық әрекет жасауға көндірген. Бұл әрекетті бірнеше рет қайталаған. Соның бәрін смартфонға түсіріп жүріпті. Анасы ештеңе білмеген", - дейді полицейлер.

ІІМ криминалдық полиция департаменті облыстық полициямен бірлесе отырып, жас балаларға қатысты азғындық әрекет жасаған ер адамды тапқан. Ол Қарағанды қаласындағы коммуналдық кәсіпорынның жұмысшысы болып шықты. Күдікті өз кінәсін мойындады. Ал тінту кезінде смартфон тәркіленді. Соның ішінде барлық видео сақталған.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Зардап шеккен басқа да адамдар бар-жоғы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924831-videoga-tusirgen-qaragandyda-kameletke-tolmagan-qyz-ben-ulga-azgyndyq-zasagan-kudikti-ustaldy/

pixel