Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында да карантин күшейтіледі

Опубликовано:

Ашық жүйесі11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

3 тамыздан бастап аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Жамбыл облысында карантин шаралары күшейтіледі. Тиісті қаулы өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, өңірде ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады.

Одан бөлек, адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, 5 жасқа дейінгі балаларды, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қоғамдық орындарда және қоғамдық көлікте, үй-жайларда бетперде тағу талап етіледі.

Қаулының толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Айта кетсек, қазір Жамбыл облысы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақта тұр. Өңірде індет жұқтырғандар саны 12 253-ке жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924846-zambyl-oblysynda-da-karantin-kuseitiledi/

pixel