Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға беріледі

Опубликовано:

Қызылордада жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға беріледі
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев және облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов аймақ орталығындағы бірнеше медициналық мекемелерге барып, дәрігерлермен кездесті. Медицина қызметкерлерімен тілдескен шаһар басшысы емдеу мекемелеріндегі бірнеше мәселені назарға алды.

Алдымен шаһар басшысы көпбейінді облыстық ауруханаға барып, қала тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Мұнда 7650 шаршы метрді құрайтын автотұраққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде тегістеу, тас төсеу жұмыстары аяқталып, асфальт жабындысын жаю жұмыстары басталуда.

Қызылордада жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға беріледі
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Келесі аялдаған нысан көпбейінді қалалық ауруханасында қала әкімі сырттан мамандар шақыру үшін туындаған баспана мәселесін назарға алды. Мұнда ем алушыларға сапалы қызмет көрсету жолға қойылған. Қазіргі таңда 220 науқас ем алуда, аурухана кислородты баллондармен толық қамтамсыз етілген.

Қызылордада жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға беріледі
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Коронавирус пандемиясымен байланысты құрылысы жүргізілген Қызылорда қаласындағы 200 орындық модульді жұқпалы аурулар ауруханасының бүгінде құжаттарын рәсімдеу жұмыстары аяқталды. Ендігі ретте лицензиясы алынуда. Бір апта көлемінде модульді жұқпалы аурулар ауруханасы өз жұмысын бастамақ.

Қызылордада жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға беріледі
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі
"Заманауи үлгіде салынған ғимаратта науқастарды емдеу үшін барлық жағдай жасалған. Қазіргі кезде эпидемиологиялық ахуалдың ушығып тұрған шағында ғимаратты газге қосып, коммуналдық мәселелерін қолға алып, апта көлемінде жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасының ашылуына жұмыс жасаймыз" , - деді қала әкімі Ғанибек Қазантаев.
Қызылордада жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға беріледі
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924916-qyzylordada-zana-moduldi-zuqpaly-aurular-auruxanasy-paidalanuga-beriledi/

pixel