Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында оқушылардың қашықтан білім алатыны рас па

Опубликовано:

Қаламмен жазып жатыр
Көрнекі фото: Pexels.com

Әлеуметтік желілерде қазақстандық оқушылар жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан білім алады деген ақпарат тарады. Алайда Білім және ғылым министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомстоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстоның мәліметінше, қазақстандықтар әлеуметтік желілерде мектеп оқушылары жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан білім алады деген ақпарат таратқан.

Ал мұндай мәлімдемені Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифинг барысында жасаған мыс.

Алайда министрлік Асхат Аймағамбетов брифингтерде мұндай мәлімдеме жасамағанын мәлім етті.

БҒМ ақпаратынша, оқыту форматы туралы шешімді коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылына дайындық шараларын бастағанын жазған едік.

Оқушыларды дәстүрлі форматқа ауыстыру бойынша тиісті ұсыныстар әзірленіп, барлық өңірге таратылған.

Одан бөлек, Асхат Аймағамбетов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, президентке білім және ғылым саласын дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалуы және жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы есеп берген болатын.

Сондай-ақ, ол дәстүрлі оқу форматына оралу үшін жүргізіліп жатқан ұйымдастыру шаралары туралы баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925034-zana-oqu-zylynyn-birinsi-toqsanynda-oqusylardyn-qasyqtan-bilim-alatyny-ras-pa/

pixel