Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"17 бас жылқымнан айрылдым": Атырауда малы су тапшылығынан қырылып жатқан тұрғындар жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Су
Фото: Ақ Жайық

Атырау облысы Исатай ауданына қарасты Жанбай ауылында жергілікті малшылардың жанайқайын билікке жеткізу үшін ауданның 40-тан астам тұрғыны жиналды. Мәселе – су тапшылығы деп хабарлайды Ақ Жайық.

Басылымның жазуынша, Жанбай ауылындағы негізгі су көзі 60 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген Нарын каналы.

Оны қамыс басып, топырақпен бітелген арналардағы шалшық су балшыққа айналған.

Салдарынан төрт түліктер батпаққа батып кетіп жатыр, дейді елді мекен тұрғындары.

қала
Фото: Ақ Жайық

"Биыл 17 бас жылқымнан айрылдым. Бұл мен үшін үлкен шығын", - дейді Құрманғали Мұхтаров.

Фото
Фото: Ақ Жайық

Тығырықтан шыға алмаған кейбір тұрғындар адал еңбекпен жиған малынан айрыла бастаған соң амалсыз сатып жіберген.

"Нарын каналын күрделі жөндеуден өткізбесе, Аққыстау, Жанбай, Зинеден ауылдарындағы мал шаруашылығы күйрейді", - дейді Аухат Абуов есімді тұрғын.  

Исатай ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Әбілхасимов Нарын каналын жөндеу республикалық деңгейде шешілетін мәселе екенін жеткізді.

"Төңіректегі елді мекендердегі төрт түлік мал Каспий теңізі жағалауынан және Жайықтан бастау алатын Нарын, Боқсақ каналдарынан су ішеді. Нарын каналы 61 жылдан жөндеу көрмеген, ол "КазСушар" РМК-ның Атырау филиалы теңгерімінде. Сондықтан сол мекеме жөндеуден өткізуге тиіс. Негізі жоба бойынша және қаражат жағынан бұл республикалық деңгейде шешілетін мәселе", - дейді ол.

ат
Фото: Ақ Жайық

"Манаш" котлованындағы онсыз да аз судың көп мөлшерін "Атырау-Астрахан" тас жолын күрделі жөндеуден өткізіп жүрген жолшылар пайдаланып, малға су жеткіліксіз болып қалады екен. Бұл да жағдайды ушықтырып отыр, дейді ауыл тұрғындары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925075-17-bas-zylqymnan-airyldym-atyrauda-maly-su-tapsylygynan-qyrylyp-zatqan-turgyndar-zanaiqaiyn-zetkizdi/

pixel