Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда вакцина алмағандар күндіз жұмыс істей алмайтын болды

Жарияланған күні:

екпе
Көрнекі фото: pixabay.com

Елордада 2 тамыздан бастап жаңа карантиндік шектеулер күшіне енді деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес бірқатар ұйым мен нысанның COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлерінің (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде КВИ-мен ауырғандарды қоспағанда) күндізгі режимде жұмыс істеуіне шектеу қойылады.

Олардың ішінде: Халыққа қызмет көрсету нысандары, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, өндірістік нысандар, құрылыс, көтерме және бөлшек сауда, мәдениет және демалыс нысандары, қонақ үйлер, әуежайлар, вокзалдар, білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, денсаулық сақтау, санаторийлер, көңіл көтеру орындары, дәріханалар және т.б.

Бұдан бөлек мемлекеттік органдар, кеңселер, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдар қызметкерлерінің 80%-ы қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылуы тиіс. Соңғы 3 ай ішінде вакцинацияланған және ауырып жазылған адамдар үшін бұл талап қолданылмайды.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес 2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде қызметкерлерді бірінші компонентпен, ал 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде – COVID-19 вакцинасының екінші компонентімен (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19 инфекциясымен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) иммундау жүргізуді ұйымдастыру керек.

Нұр-Сұлтанда шектеу және карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулы ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысының хаттамасына сәйкес қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925088-nur-sultanda-vakcina-almagandar-kundiz-zumys-istei-almaityn-boldy/