Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО әкімінің қаны коронавирус жұқтырғандарды емдеуге пайдаланылмақ

Опубликовано:

Даниал Ахметов
Даниал Ахметов. Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов COVID-19 науқастарының емі үшін иммундық плазма доноры болды деп хабарлайды облыстық әкімдіктің ресми сайты.

Ахметов бүгін қан орталығында 600 миллилитр иммундық плазма тапсырды, бұл ауыр хәлде жатқан үш науқасты емдеуге жетеді.

"Құрметті жерлестер! Бүгін мен барлық қажетті талдаулардан өткеннен кейін плазма доноры болдым. Қан орталығы дәрігерлерінің қадағалауымен 600 миллилитр плазма тапсырдым", – деп жазды аймақ басшысы Instagram парақшасында.

Ол сондай-ақ, донордың жағдайын тұрақты қадағалап отырғанын, орталық мамандарының жоғары кәсібилігінің арқасында процедура ешбір жағымсыз әсерсіз әрі жеңіл өткенін жеткізді.

Аймақтық қан орталығы қызметкерлерінің айтуынша, иммундық плазма COVID-19 инфекциясының ауыр түрімен сырқаттанған науқастарды емдеудің тиімді құралы ретінде бұрыннан қалыптасқан. Терапиядағы бұл әдістің тиімділігін әлемдік ғылыми институттар дәлелдеген.

Орталық мамандары Шығыс Қазақстан облысы ковидпен қатты ауырған науқастарға көмектесе алатын еліміздегі иммундық плазма банкін құрған бірінші аймақ екенін айтты. Тек өткен аптада 234 доза дайындалған.

Даниал Ахметов
Даниал Ахметов. Фото: gov.kz
"Донор болғысы келетіндердің көбейіп келе жатқаны қуантады. Айта кету керек, плазманы коронавируспен ауыратындар да, екі ай өтсе, мен сияқты вакцина салғандар да тапсыра алады. Менің қанымдағы антиденелер титрі өте жоғары. Сондықтан, мен бүгін тапсырған плазма дозасы ауыр хәлде жатқан үш науқасты емдеуге жетеді. Біз тек осылай ғана коронавирус инфекциясының таралуын тоқтата аламыз және қазір жағдайы өте қиын жақындарымызға көмектесе алатынымызға сенімдімін", – деді Даниал Ахметов.

Плазманы тапсыру рәсімінен кейін аймақ басшысы дәстүрлі тәтті шәй ішіп, донорларға тиесілі ақшаны балалар үйінің шотына аударды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925252-sqo-akiminin-qany-koronavirus-zuqtyrgandardy-emdeuge-paidalanylmaq/

pixel