Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында браконьерлер инспектор көлігіне оқ атқан

Опубликовано:

Киік
Көрнекі фото: instagram.com/minecologykz

Браконьерліктің жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында "Охотзоопром" РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының инспекторлары Жалағаш ауданының Төгіскен жерінде Шардара ауданының Шәкілі ауылының тұрғынын ұстады.

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды.

Тексеру кезінде ұсталған адамның көлігінен қызыл кітапқа енгізілген қарақұйрықтың ұшасы табылды.

Күдікті ұсталған жерге жедел-тергеу тобы шақырылды. Инспекторлар полиция қызметкерлерін күтіп тұрғанда Қызылорда қаласының екі тұрғыны оқиға орнына келіп, инспекторлардың қызметтік автокөліктерінің бірінің дөңгелегіне мылтықтан оқ атқан. Содан кейін инспекторларға қауіп төндіріп, қарақұйрық ұшасын алып кеткен.

Ұзамай инспекторлар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқ атқан браконьерлерді де ұстады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 4-тармағы ("Заңсыз аң аулау") және 380-бабының 2-тармағы ("Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану") бойынша Жалағаш аудандық полиция бөлімшесінде қамауға алынды.

Еске сала кетейік, 8 шілдеде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп, киік мүйіздерін заңсыз өндіру және Қазақстаннан Қытайға контрабанда арнасын ұйымдастыруға қатысы бар қылмыстық топтың құқыққа қарсы әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1925278-qyzylorda-oblysynda-brakonerlerler-inspektor-koligine-oq-atqan/

pixel