RU

"Халыққа у шашты": Елорда әкімдігі атышулы видеоға пікір білдірді (видео)

Фото
Көрнекі: pixabay.com

Елорда әкімдігі "Халыққа у шашты" деген атаумен тараған шулы видеоға пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көптің талқысына түскен видео кадрынан белгісіз сұйықтық құйылған цистерналары бар жүк көлігі мен оның қасында тұрған адамдарды көруге болады.

Ролик авторы цистерналарда у бар екенін тілге тиек етіп, тұрғындарға қастандық жасау мақсатында әдейі жасалып жатқан әрекет деп пайымдайды.

Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жоққа шығарды, деп жазады Stopfake.kz.

Ведомство дерегінше, видеода масалар мен шыбын-шіркейді улау сәті түсірілген.

"Дезинсекциялық жұмыстарды "Столичная дезинфекция" ЖШС қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасымен бірлесіп жүргізуде. Зиянкестерді жою жұмыстары кезінде дезинсекторлар адамдар, жануарлар мен өсімдіктер үшін мүлдем қауіпсіз ерітіндіні қолданады. Жұмыстар түнгі уақытта және таңертең жүргізіледі", – деп хабарлады елорда әкімдігі.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Айта кетейік, қазақстандықтар "у шашу" туралы роликтерді бұған дейін де таратқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925291-xalyqqa-u-sasty-elorda-akimdigi-atysuly-videoga-pikir-bildirdi-video/