RU

Жаңа оқу жылындағы каникулдардың мерзімі бекітілді

сынып
Фото: Sputnik / Стрингер

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылы 27 шілдеде "Орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және демалыс кезеңдері туралы" бұйрыққа қол қойды. Оған сәйкес, жаңа оқу жылындағы тоқсан мен каникулдардың мерзімі бекітілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұйрыққа сәйкес, 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылдың 1 қыркүйегі.

Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

  • 1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылдың 1-7 қарашасы аралығында),
  • қысқы каникул – 11 күн (2021 жылдың 30 желтоқсаны мен 2022 жылдың 9 қаңтары аралығында),
  • көктемгі каникул – 12 күн (2022 жылдың 19-30 наурызы аралығында);

1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылдың 7-13 ақпаны аралығында).

Құжат 2021 жылдың 9 тамызында күшіне енеді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылынан бастап қазақстандық оқушыларға бір жылға мектеп формасын киюге міндеттемейтінін хабарлады.

Алайда ведомствоның бұл шешіміне елордадағы №90 мектеп-гимназияның директоры Аятжан Ахметжанұлы қарсы шықты.

Оның сөзінше, мектеп формасының болуы, ең алдымен, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін керек. Сондықтан мектеп формасын міндеттеу керек.

"Әйтпесе, өткен жылы кезекші сыныптардағы жағдайлар шын ойландырды. Қымбат киімдердің жарысы, классикалық үлгі дегеннің өзін ақшасы бар жұрт мың құбылтып киінді. Ал әлеуметтік жағдайы төмен балалар жасиды.

Сондықтан жалпы мектеп формасын міндеттеу керек, бұл - жеке пікірім. Мектеп формасы мектептегі көп тәрбие үшін аса маңызды", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925468-zana-oqu-zylyndagy-toqsan-men-kanikuldardyn-merzimi-bekitildi/