Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда тұрғыны жүкті әйелін жұмыстан 15 минутқа кеш шыққаны үшін соққыға жыққан

Жарияланған күні:

Қол көтеру
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елордада алкогольдік ішімдік ішіп, әйелін соққыға жыққан ер адам 15 тәулікке қамауға алынды деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, 36 жастағы ер адам әйелінің жұмыстан уақытылы шықпағаны үшін жанжал шығарған.

"Зайыбы жұмыстан 15 минут кешігіп шыққан. Үйге бара жатқан кезде күйеуі оны қорқытып, балағаттаған. Алайда жанжал осымен аяқталмай, үйге жеткенде, ер адам келіншегін ұрып, үйден кетіп қалған. Таңғы 05.00-де үйге оралып, әйелінің аяғы ауыр екеніне қарамастан, оны соққыға жыққан. Арашалауға тырысқан енесі де таяқ жеген. Егде жастағы әйел полицияның учаскелік инспекторынан көмек сұрады", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінен.

Учаскелік инспектор оқиға орнына бірден келіп жетіп, мас ер адамды тоқтатқан.

Сот шешімімен, ер адам 15 тәулікке қамауға алынды. Одан бөлек, азаматтың тәртібіне байланысты бір жылға ерекше талап қойылып отыр.

Ал 35 жастағы жәбірленуші Есіл аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Нұрлан Молдабековке уақытылы көрсеткен көмегі үшін алғысын айтты.

Еске салсақ, бұған дейін танымал блогер, белгілі әнші Бүркіттің жиен қарындасы Әсел Асқар бұрынғы күйеуінің өзіне қол көтергенін жасырмай айтып берген болатын.

Айтуынша, егер мұндай жайт дәл қазір орын алса, ол күйеуіне шағымданып, полицияға хабар беретін еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1925480-elorda-turgyny-zukti-aielin-zumystan-15-minutqa-kes-syqqany-usin-soqqyga-zyqqan/