Әсел Асқар бұрынғы күйеуінің өзіне қол көтергенін жасырмай айтты
Жарияланған күні:
Танымал блогер, белгілі әнші Бүркіттің жиен қарындасы Әсел Асқар өзінің жеке өмірі туралы жасырмай айтып берді. 30 жастағы танымал келіншек екі рет шаңырақ көтерген. Жуырда ол өзінің екінші жарымен де ажырасып кеткенін мәлімдегені ел есінде. НТК арнасының Tooba бағдарламасына берген сұхбатында Әсел өзінің бірінші күйеуі туралы да айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сұхбат барысында Әсел өзінің өмірінде орын алған түрлі жайттармен, қызықты сәттерімен, басынан кешкен оқиғаларымен бөлісе кетті. Мәселен, ол ер адаммен төбелесіп, мұрнын сындырғанын, салдарынан мұрнына пластикалық ота жасатқанын айтып берді.
"Ер адаммен қаттты төбелесіп, мұрнымды сындырған едім. Негізі қазір де мен төбелесе аламын", - дейді ол.
Нәзік әйел затымен төбелескен ер адамның кім екенін айтпағанымен, Әсел Асқар бірінші күйеуі қол көтергенін жасырған жоқ.
"Айбек (ред. - Әсел Асқардың екінші жары) қол көтерген жоқ. Бірақ, бірінші күйеуім соққыға жыққан. Бірақ, ол 2010 жылы қазіргідей ашық айту жоқ, ешкімге білдірмеуге тырысасың. Қазір әйелдер әлеуметтік желі арқылы ашық айта алады. Ол кезде ондай емес еді", - деді ол.
Айтуынша, егер мұндай жайт дәл қазір орын алса, ол күйеуіне шағымданып, полицияға хабар беретін еді.
"Қазір өкінемін. Сол кезде быт-шытын шығарып сотқа беруім керек еді. Әйелдің құқығын қорғау керек деген мәселе енді ғана көтеріліп жатыр. Ол кезде әйелдің ашық айтуға батылы жетпейтін", - дейді ол.
Еске салсақ, ссыдан екі ай бұрын қалың көпшілікке жолдасымен ажырасқанын хабарлаған Әсел Асқар жуырда қуанышты жаңалығымен бөлісті. Отандық актриса екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін жария еткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1922382-asel-asqar-buryngy-kuieuinin-ozine-qol-kotergenin-zasyrmai-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.