Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кінәсіз деп танылсын": Сот "СҚ-Фармацияның" экс-басшысы Берік Шәріпті босатты

Опубликовано:

Берік Шәріп
Берік Шәріп. Фото: primeminister.kz

"СҚ-Фармацияның" экс-басшысы Берік Шәріпке бүгін елордада сот үкімі оқылды. Ол өкілеттігін асыра пайдаланды және қару сақтады деп айыпталған. Кеше Шәріп сотта соңғы сөзін сөйлеп, кінәсіз екенін айтқан еді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шәріп ісі бойынша сот сәуірдің соңында басталды. Бүгін астана соты үкім шығарды.

Судья Қанат Дүйсембиев Шәріптің "Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану" бабы бойынша кінәсіз деп танылғанын айтты.

Дегенмен Берік Шәріп тіркелмеген қаруды сақтағаны үшін кінәлі деп танылған. Осы үшін оған 1000 АЕК көлемінде айыппұл тағайындалды.

Шәріпті сот залында босатқан. Алайда сот отырысы онлайн режимде өткендіктен, Шәріп осы уақытқа дейін қамауда болған мекемеден шығады.

"Берік Шәріп ҚР ҚК 361-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағында қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасау бойынша кінәсіз деп танылсын және оның іс-әрекеттерінде қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмағандықтан ақталсын.

Берік Шәріп ҚР ҚК 287-бабы, 2-бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқыбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және оған 1000 АЕК мөлшерінде, яғни 2 млн 778 теңге сомасында айыппұл түріндегі жаза тағайындалсын", - деді судья Қанат Дүйсембиев.

Судья Шәріптің қамауда отырған 1 күнін 4 АЕК деп есептеген. Осылайша, оның жазасы толық өтелді деп саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925525-kinasiz-dep-tanylsyn-sot-sq-farmaciyanyn-eks-bassysy-berik-saripti-sot-zalynda-bosatty/

pixel