Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кей адамдарда вирусқа қарсы антидене неліктен қалыптаспайды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Коронавируспен ауырса да ағзасында антидене қалыптаспайтын адамдар бар. Медицина мамандары олардың нақты санаты жайында орталық коммуникациялар қызметінде айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман ғалымдар бұл мәселені зерттеп жатқанын, әзірге ондай адамдардың санаты туралы нақты статистика жоқ екенін айтты.

Ал жоғары санатты инфекционист, медицина ғылымдарының кандидаты Сәуле Атығаева иммундық жүйесінде ақауы бар адамдар антиденелер шығармайды деп болжау қисынды екенін айтады.

"Бастапқы және қайталама иммун тапшылығы бар науқастар инактивтендірілген вирусқа да, вирустың РНҚ-бөліктерінен жасалған вакцинаға жауап қата алмайды. Негізінен, бұл созылмалы сырқатпен жиі ауыратын және соның салдарынан дәріні көп ішетін адамдарда немесе иммун тапшылығын тудыратын емдеу әсеріне түскен адамдарда кездеседі. Осы санаттағы адамдардың ағзасы антиденелер шығармайды. Сондай-ақ, вакцина алған адамдардың 5%-ы аурудың қоздырғышына қарсы ешқандай антидене шығармайды" , - деп түсіндірді Сәуле Атығаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925575-kei-adamdarda-virusqa-qarsy-antidene-nelikten-qalyptaspaidy/

pixel