Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ең көбі Нұр-Сұлтанда: Елімізде бір күнде 158 адам КВИ-дан қайтыс болған

Опубликовано:

Дәрігер
Көрнекі фото: Mikhail Tereshchenko\TASS via Getty Images

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте елімізде қауіпті вирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оған сәйкес 3 тамыз күні Қазақстан аумағында 125 адам - коронавирустан, тағы 33 адам - пневмониядан қайтыс болған.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтанда - 23 адам және Шымкент қаласында тіркеліп отыр - 19 науқас.

Қарағанды облысында - 17, Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында - 10 адамнан, Атырау облысында - 12, Павлодар облысында - 9, Ақмола облысында - 7, Ақтөбе облысында - 5, Батыс Қазақстан облысында - 4, Қызылорда және Жамбыл облыстарында - 3, Шығыс Қазақстан облысында - 2, Қостанай облысында бір адам көз жұмған.

Еліміздің барлық өңірінде дерлік қайғылы жағдайлар болған. Тек Алматы, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында ғана коронавирустан ешкім көз жұмған жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 7792 адам тіркелген.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 610 744-ке жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925625-elimizde-bir-kunde-158-nauqas-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-qaitys-boldy/

pixel