Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да бала зорлады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды

Опубликовано:

зорлық11
Көрнекі фото: pixabay.com

Петропавлда бала зорлады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, күдікті бір күн бұрын, кешкі сағат он шамасында ұсталған. Ер адам қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір аталмыш факті бойынша "Жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицияның мәліметінше, бір апта ішінде Петропавлда бала зорлаудың екі фактісі тіркеліп отыр.

"Екі жағдайда да күдіктілер "ізі суымай" ұсталды. Қазір істің барлық мән-жайын толық әрі жан-жақты, объективті зерделеуге бағытталған қажетті тергеу жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Өзге ақпарат Қазақстан қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", - деп толықтырды полицияның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, құзырлы орган қылмыстардың тергелуі полиция департаменті мен облыстық прокуратура басшылығының ерекше бақылауында екені атап өтті. Әрбір іс бойынша процесс прокуроры анықталған.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда кәмелеттік жасқа толмаған қызға жыныстық зорлық жасады деген айыпталушы 20 жылға бас бостандығынан айырылғанын жазған болатынбыз.

Істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925707-sqo-da-bala-zorlady-degen-kudikke-ilingen-er-adam-ustaldy/

pixel