Өткен тәулікте тағы 7769 адамнан коронавирус анықталды
Жарияланған күні:
Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жаңартты деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндег ВАК Telegram каналы.
ДСМ мәліметінше, өткен тәулікте тағы 7 769 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 1507
- Алматы қаласында - 1507
- Шымкент қаласында – 549
- Ақмола облысында – 260
- Ақтөбе облысында - 387
- Алматы облысында - 300
- Атырау облысында - 340
- Шығыс Қазақстан облысында - 305
- Жамбыл облысында - 173
- Батыс Қазақстан облысында - 168
- Қарағанды облысында - 1038
- Қостанай облысында - 265
- Қызылорда облысында - 194
- Маңғыстау облысында - 200
- Павлодар облысында - 303
- Солтүстік Қазақстан облысында - 160
- Түркістан облысында - 113.
Осылайша жалпы ел бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 618 513-ге жетіп отыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар облысында үш ай бойы өкпені жасанды желдету аппаратында жатқан науқас жазылып шыққанын жазған едік.
Ер адам ауруханаға коронавирус белгілері бар пневмония және қосалқы аурулармен түскен.
Ол дереу жансақтау бөліміне жатқызылған. Пациенттің 95 күн ем қабылдауына тура келген. Соның 86 күнінде ол өкпені жасанды желдету аппаратында жатқан.
Одан бөлек, Шымкентте қаласында коронавирус індеті кең таралуына қарамастан, той жасауын қоймаған 19 мейрамханаға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес айыппұл салынып, қызметі бір ай мерзімге тоқтатылған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925826-otken-taulikte-7792-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/