Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында жол апатынан 25 жастағы дәрігер қайтыс болды

Опубликовано:

Мағжан Омаров
Мағжан Омаров. Фото: Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы

6 тамыз күні түн ортасында Омбы-Майқапшағай тас жолында жантүршіктірерлік жол апаты болды. Павлодар облысы полиция депараментінің хабарлауынша, 32 жастағы Nissan Patrol жүргізушісі учаскелік педиатр отырған УАЗ көлігімен соқтығысқан. Салдарынан дәрігер оқиға орнында қаза болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Полицияның мәліметінше, факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған. Nissan Patrol көлігі айып тұрағына қойылған.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, қайтыс болған "УАЗ" көлігінің жолаушысы Чернорецк ауылының амбулаториясында педиатр болып қызмет еткен.

25 жастағы Мағжан Омаров жол апаты болған кезде Ақсу қаласындағы жұқпалы аурулар бөліміне пациентті жатқызып келе жатқан.

"Чернорецк ауылының дәрігерлік амбулаториясының уческелік дәрігер-педиатры Мағжан Омаров қысқа мерзім ішінде кішігірім ұжымның жұмысын басқарды және жақсы қызметкер болды. Ол өз біліктілігін арттыруға тырысты, сондай-ақ білімін пациенттерге көмектесу үшін пайдаланды", - дейді денсаулық сақтау басқармасы мен амбулаториядағы әріптестері.

Сонымен қатар, марқұмның артында 2020 жылдың жазынан бері жалпы тәжірибелік дәрігер болып жұмыс істейтін аяғы ауыр әйелі қалғаны хабарланды. Ерлі-зайыптылар еңбек жолын бір күнде бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926066-pavlodar-oblysynda-zol-apatynan-25-zastagy-dariger-qaitys-boldy/

pixel