Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда полицейдің отбасында 2 миллионыншы тұрғын дүниеге келді

Опубликовано:

Алматы
Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы тұрғындарының саны 2 миллионға жетті. Полицей мен балабақша тәрбиешісінің отбасында дүниеге келген қыз бала мегаполистің 2 миллионыншы тұрғыны атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді.

"Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазірдің өзінде қазақстандықтар 19 миллионға жетті. Ал Алматы халқының саны екі миллионнан асты!

Аяла Жамбыл екі миллионыншы тұрғын атанды. Ол полиция қызметкері Бейбіт Әбілдаев пен балабақша тәрбиешісі Әлия Жәнібекованың отбасындағы алтыншы қыз. Денсаулық, амандық пен бақыт тілеймін!", - деп жазды ол.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан халқының саны бұдан екі апта бұрын 19 миллионға жеткен еді. 19 миллионыншы тұрғын ретінде тіркелген кішкентай Жәния Азаматқызы Алматы облысында дүниеге келген. Оның отбасына облыс әкімдігі атынан 1 млн теңге табысталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926073-almatyda-policeidin-otbasynda-2-millionynsy-turgyn-duniege-keldi/

pixel