Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бүкіл әлемнің алдында масқара болдық": Қуат Хамитов Қазақстанның Олимпиададағы сәтсіздігі туралы айтты

Жарияланған күні:

Қуат Хамитов1
Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Танымал қазақстандық файтер Қуат Хамитов Токио Олимпиадасында Қазақстан көрсеткен нашар нәтиже туралы пікірін білдірді. Спортшы өзінің көзқарасын Instagram парақшасында жариялады.

"Бұл олимпиада біздің мемлекет ретінде өлгенімізді көрсетті. Бұл масқара! Неге десеңіз, өйткені барлық дамыған елдер жыл сайын дамып, өсіп, жақсарып келеді, ал біз жыл өткен сайын нашарлап бара жатырмыз.

Елде даму жоқ, тіпті спортта! Бұл бәрі осылай болғанына қуаныштымын. Ешкім жұмыс жасағысы келмейді, барлығы қағаз жүзінде және тек есепке дайын болғысы келеді. Олар легионерлерді әкеледі, жергілікті спортшыларға мал сияқты қарайды, футбол және тағы қаншама қажет емес салаға ақша жұмсайды. Барлығы автономиялық республикадағыдай жасалады", – деп жазды спортшы.

Қуат Хамитовтың айтуынша, "ескі жүйені түгелімен жою керек".

"Бұрын спорт мәселелерімен айналысқандардың бәрін алып тастап, қайтадан бастау керек. Барлық қарттарды алып тастап, жастарға мүмкіндік беру керек. Спорт министрлігін туризм мен мәдениеттен жеке бөліп алу керек. Қаржылық жағдайдың барлығын бақылауға алған дұрыс.

Бүгін біз бүтін ел ретінде бүкіл әлемнің алдында масқара болдық! Біздің көршілер бетімізге қарап ашық күледі, біз ұлт ретінде дәрменсіз адамша қарап отыра береміз... Біз қашан бәріміз жиналып, жеке бастың пайдасы үшіні емес, бір елдің игілігі үшін жұмыс жасай бастаймыз!? Біздің үлкендер қайда, патриоттар қайда!? Оянатын уақыт келді!", – деп жазды Найман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926112-bukil-alemnin-aldynda-masqara-boldyq-quat-xamitov-qazaqstannyn-olimpiadadagy-satsizdigi-turaly-aitty/