Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде тағы 140 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: today.kz

Бір тәулікте, 7 тамызда Қазақстанда 140 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды. Соңғы мәліметтерді денсаулық сақтау министрлігі ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, 7 тамызда Қазақстанда коронавирустан 112 адам, пневмониядан 28 адам қайтыс болды.

Cонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстанда 113 186 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде 31 504 науқас стационарда, 81 682 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 981 адамның жағдайы ауыр,
  • 402 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 192 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926179-elimizde-tagy-140-adam-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-qaitys-boldy/

pixel