Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда судья Ержан Ғабдуллин 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Опубликовано:

Іс бойынша жетекші судья Саян Аққожин
Фото: NUR.KZ

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында алаяқтық және пара беруге айдап салды деп айыпталған Қарағанды облысының МАЭС судьясы Ержан Ғабдуллинге қатысты үкім шықты. Ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қылмыстық іс судья Саян Аққожиннің жетекшілігімен қаралды. Бүгін ол бұрынғы әріптесіне қатысты үкім шығарды. Ержан Ғабдуллин алаяқтық және пара беруге айдап салғаны үшін кінәлі деп танылып, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді.

Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

"Сот Ержан Ғабдуллиннің антты бұзғанын кінәні ауырлататын жағдай деп таныды. Бұл Қазақстан Республикасы сот жүйесінің беделіне нұқсан келтірді. Кантер-Скрипкина өз өкінішін білдірді, тергеуге көмектесті, кінәсін мойындады. Сондықтан, оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа ҚАЖ мекемесінде өтейді",- деді Аққожин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926522-qaragandyda-sudya-erzan-gabdullin-9-zylga-bas-bostandygynan-aiyryldy/

pixel