Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жағдай ушығып жатыр: Қазақстанның барлық өңірі "қызыл" аймақта

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Түркістан облысы "сары" аймақтан "қызылға" өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

11 тамыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Алматы облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Түркістан облысы және Шығыс Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 7657 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 656 777-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926587-zagdai-usygyp-zatyr-qazaqstannyn-barlyq-oniri-qyzyl-aimaqta/

pixel