Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДСМ елімізде вакцина салдырғандар арасында қайтыс болғандар бар екенін айтты

Опубликовано:

Жансақтау бөлімі
Көрнекі фото: Lukas Kabon/Anadolu Agency via Getty Images

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерінен ведомство басшысы Алексей Цойдың вакцина салдырған қазақстандықтардың арасында коронавирустан қайтыс болғандардың бары туралы таңертеңгі мәлімдемесіне түсініктеме беруді сұрады.

Министр вакцина салдырған қазақстандықтар арасында қайтыс болғандар бар екенін алғаш рет ресми түрде мәлімдеген еді.

"Екпе алмағандар арасында COVID-19-дан өлім-жітім 97,7 пайызды құрайды. Ал вакцина алғандар арасында қайтыс болғандар 2,3 пайызды құрап отыр. Бұл ретте олардың ауыр созылмалы аурулары болған", – деген болатын Алексей Цой.

Осы орайда журналистер Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерінен қайтыс болғандардың нақты санын айтуды сұрады, бірақ олар қолдарында нақты ақпарат жоқ екенін жеткізді.

"Мәселе пысықталып, есептеулер жүргізіліп жатыр. Бізде қазір ақпарат жоқ. Мен вакцина салдырмағандар арасындағы өлім-жітім 97,7 пайыз екенін, вакцина салдырғандар арасында 2,3 пайыз екенін растай аламын.

Вакцина салдырған науқастарда ауыр созылмалы аурулар болды. Иә, мұны растай аламын. Қазір қолымда нақты қанша адам екені туралы ақпарат жоқ. Ресми түрде сауал жолдауларыңызды сұраймын", – дейді денсаулық сақтау министрлігі басқармасының маманы Айма Сағындықова.

Спикерлердің арасында Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды. Ол екпе салдырған астаналықтардың қаншасы қайтыс болғанын айтты.

"Жыл басынан бері коронавирустан 1081 адам қайтыс болды. Олардың 23-і – вакцина салдырғандар", – деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926739-dsm-elimizde-vakcina-saldyrgandar-arasynda-qaitys-bolgandar-bar-ekenin-aitty/

pixel