Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда көлік үстіне адамдарды отырғызып көшеде жүргендер жазаланды

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: polisia.kz

Атырауда көлік үстіне адамдарды отырғызып көшеде жүргендер жүргізушілер айыппұл арқалады деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, оқиға 9 тамыз күні түнгі сағат 03:00 шамасында Атырау қаласы Жерұйық мөлтек ауданында орналасқан көшелердің бірінде болған.

Toyota Camry және Lada 21725 маркалы автокөліктерінің жүргізушілері бірнеше адамды көлік үстіне мінгізіп, жолаушылар тасымалдау ережесін бұзып, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттер жасаған.

Осы сәт түсірілген бейнежазбасын әлеуметтік желіде жарияланған.

Аталған бейнежазба бойынша патрульдік полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, 18 және 19 жастағы жүргізушілерді анықтаған.

Олар өз кінәларын толықтай мойындаған.

"19 жастағы Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік кодекстің 593-бабының 3-бөлігі (Жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау, осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер) және әкімшілік кодекстің 612-бабының 1-бөлігі бойынша (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) әкімшілік хаттама толтырылып, 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды", - дейді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Ал 18 жастағы Lada 21725 маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік кодекстің 590-бабының 10-бөлігі және әкімшілік кодекстің 593-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926848-atyrauda-kolik-ustine-adamdardy-otyrgyzyp-kosede-zurgender-zazalandy/

pixel