Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда балалар үшін коронавирусқа қарсы вакцинация төртінші тоқсанда басталмақ

Опубликовано:

Вакцина салдыру сәті
Көрнекі фото: Keyza Widiatmika/NurPhoto via Getty Images

Нұр-Сұлтан педиатрлар қауымдастығының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы Сағира Әбдірахманова Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны қашан және қанша балаға егуге болатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сағира Әбдірахманова бүкіл әлемде 12 жастан бастап балаларға вакцина салдыру қажеттілігі туралы айтылып жатқанын атап өтті, дегенмен Израиль жас шектеуін 4 жасқа дейін қысқартыпты.

"Бүгінгі таңда әлемде 13-тен астам вакцина тіркелген. Ал ең танымал – Pfizer. Ол бүкіл әлемде қолданылады. Израиль он екі жастан бастап балаларға вакцина салдыра бастады. Шамамен үш апта бұрын Израиль үкіметінің қаулысы шықты, онда тәуекел тобына вакцинациялауды 4 жастан бастау қажет делінген. Ал біздің денсаулық сақтау министрлігі Pfizer компаниясымен біздің балаларға төртінші тоқсанда вакцинациялау туралы келісімге қол қойды.
Дәл осындай жағдай АҚШ-та да бар, сол секілді Қытай да балаларын вакцинациялауға дайын, негізі олар келесі жылға жоспарлаған болатын, бірақ вацина салдыру жұмыстары басталып кетті. Франция 12 жастан бастап балаларға екпе салдыра бастайды. Сондықтан бүкіл әлем балалар қауымына вакцина салдыруға көшіп жатыр", – деді Сағира Әбдірахманова Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте.

Қазақстанның жетекші инфекционисі, профессор Динагүл Баешева, өз кезегінде, балалардың кем дегенде 80%-ын вакцинациялау қажеттілігін атап өтті. Оның үстіне профессор екпе салдыру ерікті түрде жүзеге асырылатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926902-qazaqstanda-balalar-usin-koronavirusqa-qarsy-vakcinaciya-tortinsi-toqsanda-bastalmaq/

pixel