jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Қыз-келіншектерді Бахрейнде сексуалды құлдыққа салған шымкенттіктер сотталды

жезөкше
Көрнекі фото: azattyq-ruhy.kz

Қыз-келіншектерді Бахрейн корольдігінде сексуалды құлдыққа салған Шымкенттің үш тұрғыны 6 жылдан астам уақытқа бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сот жабық режимде өтіп, оған 7 жәбірленуші қатысты деп жазады Sputnik Қазақстан.

Сотталған әйелдер бөлек әрекет еткенімен, бір әдісті пайдаланған. "Жеңгетайлар" қонақ үйде, бар мен басқа да орындарда жоғары жалақы төленетін жұмысқа тұрғызамын деп уәде еткен. Ал жәбірленушілер шетелге шыққан соң, олардың құжаттары мен телефондарын тартып алып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Сондай-ақ оларды жабық бөлмеде ұстап, бір-бірімен сөйлесуге тыйым салған.

Жәбірленушілер Бахрейнде шамамен бір жыл, яғни жергілікті полиция борделді анықтағанға дейін интимді қызмет көрсетіп келген.

Корольдікте Маджит есімді жергілікті тұрғын сотталғандарға көмектескені белгілі болды. Шымкент тұрғындары Бахрейнге қыздарды жеткізгені үшін Маджиттен ақша алған.

"Олар Корольдікте болған кезде әлгі "жеңгетаймен" жақын араласып кеткені тергеу және сот барысында анықталды. Маджит қыз-келіншектерді жеткізіп тұрғаны үшін сыйақы беремін деп уәде еткен. Жалпы 3 қылмыстық іс қаралды. Барлығы осы Маджит арқылы жеткізілген", - деді Шымкенттің Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Сәбит Төреханов.

Сексуалды құлдықта қазақстандықтардан бөлек басқа да шетелдік қыз-келіншектер, соның ішінде ТМД елдерінің азаматтары бар екені белгілі болды. Қазір Шымкентте қазақстандық қыздарды сексуалды құлдыққа сату бойынша тағы бір қылмыстық іс қаралып жатыр. Бұл сот отырысында трансұлттық қылмыстық топ мүшелері сотталуда.

Қыз-келіншектерді Бахрейнде сексуалды құлдыққа салған шымкенттіктер сотталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.