Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір күнде 127 адам қайтыс болған

Опубликовано:

Жансақтау
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі Telegram каналында коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан 127 адамның қайтыс болғанын хабарлады.

13 тамыздағы мәлімет бойынша, өткен тәулікте 7798 адамнан коронавирус анықталған. 5816 науқас ауруынан айықса, 102 пациент вирустың құрбаны болды.

Жалпы 115 211 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 31 157 пациент стационарда, 84 054 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1 934 адамның жағдайы ауыр, 472 пациенттің жағдайы өте ауыр, 230 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Ал коронавирус белгілері бар пневмонияға келер болсақ, өткен тәулікте 406 адамға аталмыш диагноз қойылған. Оған қоса 205 адам емделіп шығып, тағы 22 өлім жағдайы тіркелді.

Айта кетейік, 12 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 5 991 676 адам, 2 - ші компонентін 4 616 253 адам салдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926995-elimizde-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-bir-kunde-127-adam-qaitys-bolgan/

pixel