Алматыда турист өзге адамды "аспалы жолға" кіргізбей, "Шымбұлақ" қызметкеріне жұдырық сермеді (видео)
Жарияланған күні:
"Шымбұлақ" директоры Ринат Әбдірахманов Instagram парақшасында тау шаңғысы курорты аумағында төбелес болғаны туралы жазды. Бұл оқиғаға Алматы полициясы түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Аспалы жолдың кабинасына отырғанда "ер адам" курорттың өзге қонағына салонға кіруге мүмкіндік бермеді және мұны дөрекі түрде жасап, оны итеріп жіберді. Оператор кабинаға кіре алмай қалған азаматты қайта кіргізуге тырысқанда, "кейіпкер" бөгет келтіріп қана қоймай, курорт қызметкеріне жұдырық сермеді", – дейді Ринат Әбдірахманов.
Ринат Әбдірахманов жазбасында ер адамның жұдырық сермеген сәті анық байқалатын видеоны да жария еткен. Оның айтуынша, оқиға орнына келген полицейлер "ешқандай шағым айтпағаннан кейін", ол Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары Рустам Әбдірахмановтан бұл жайтқа қатысты түсініктеме беруін сұраған.
Полиция қызметкері өзінің Instagram парақшасында болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ол оқыс жағдайдың 12 тамызда болғанын және Медеу аудандық полиция бөлімінің соталды тергеу бойынша бірыңғай тілізімінде тіркелгенін атап өтті.
"Кешенге келуші гондолды жолдың кабинасына отыру кезінде "Шымбұлақ" қызметкері – 1984 жылы туған азамат Ч.-ны бетінен ұрғаны анықталд. Сұрастыру барысында Ч. есімді азамат курорт қонағымен жанжал оқиға орнында шешілгенін алға тартып, шағымданудан бас тартты. Құқықбұзушыға ешқандай шағымы болмады", - деді Алматы қалалық ПД басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов.
Полиция қызметкері Ринат Әбдірахмановтың оқиға орнына келген полицейлердің орын алған оқиғаға ешқандай шағымдары болған жоқ деген мәлімдемесіне де түсініктеме берді.
"Бұл шындыққа жанаспайды, себебі мәлімдеушіде ешқандай шағым болға жоқ", - деп түсіндірді Әбдірахманов.
Сонымен қатар ол бұл істі тергеуге қатысты ақапартты ұсынды.
"Естеріңізге сала кетейін, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен ауырлығына байланысты сотта қылмыстық қудалау мен айыптау жеке, жеке-жариялы және қоғамдық тәртіпте жүзеге асырылады. Бұл құқықбұзушылық қоғамдық қудалау мен айыптау санатына жатады. Сол себепті біз сотқа дейінгі тергеуді бастадық, тергеу Медеу ауданы порлиция басқармасының тергеушілеріне сеніп тапсырылды", - деп қорытындылады Әбдірахманов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927006-almatyda-turist-ozge-adamdy-aspaly-zolga-kirgizbei-symbulaq-qyzmetkerine-zudyryq-sermedi-video/