Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлы трансформатордағы тоққа түсіп көз жұмған ақмолалық келіншек жанайқайын айтты

Опубликовано:

Тоқ
Көрнекі фото: Хабар 24

Ақмола облысы Бектау ауылында жеті жасар бала трансформатордағы тоққа түсіп жан тапсырды деп хабарлайды 31 арна.

Баланың анасы Зәмеш Амангелді денесі қап-қара болып күйіп кеткен ұлын алып шыққан уақытта өзін де тоқ соққанын айтты.

Оның сөзінше, қайғылы жағдай орын алған күні бауыр еті досымен ойнаймын деп үйден шығып кеткен.

Балаларға кеткендіктен жазым болып қалады ау деген ой келмеді, дейді марқұмның анасы.

Ұлының жүрегі сезді ме екен, жуырда ғана "енді мектепке барамын, ойыншықтарыммен сен ойнайсың" деп, бауырына аманаттапты.

Ойнап жүріп тоққа түскен баланы ең бірінші жанындағы кішкентай досы көріп, үйіне жылап барған. Марқұмның анасы алып ұшып жеткенше бала қап-қара болып күйіп, шаштары сымдарға жабысып қалды, дейді.

Осы орайда Бектау ауылының тұрғындары ауладағы ешбір трансфарматор қоршалмағанын жеткізіп, ашуға ерік берді. Оқыста тоқтан ақау шығып, от жарқ ете қалса ауылда келе қалатын электрик те жоқ екен.

"Қоршау керек қой бәрін! Ауылда бәрі ашық-шашық жатыр. Не биік болуы керек па. Мынау енді жерден қарағанда 50-ақ сантиметр биіктікте тұр", - деді елді мекен тұрғыны Нұрболат Смағұл.

Бала тоққа түсіп қайтыс болды дегенді ести сала ауданнан прокурор, полициядан бастап, осы трансформаторға жауапты компанияының жауаптылары келіпті.

Сараптама жасау үшін баланың мәйітін Нұр-Сұлтанға жіберген.

Қазіргі уақытта аудандық полиция Шортанды аудандық электржелілік үлестіру компаниясының үстінен қылмыстық іс қозғаған.

Ал трансформатордың барлығы заңға сай орнатылғанын айтқан бас инженер "сыртын қоршауға міндетті емеспіз, қоршау үшін ешқандай заңдық талап жоқ" деп отыр.

"Ол жерде өмірге қауіпті деген белгі тұр. Жақындауға болмайды. Трансформатордың сырты темірмен қапталған. Норма бойынша оны темір тормен қоршаудың қажеттілігі жоқ", - дейді Шортанды аудандық Электр желілерінің бас инженері Андрей Саханенко.

Егер электр желілеріне жауапты компанияны сот кінәлі деп тапса қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал Айсұлтанның туыстары жауаптылар жазадан сытылып кете ме деп қорқатындарын жасырған жоқ.

Айта кетейік, Марқұм Айсұлтан Жарқын Зәмештің үшінші баласы, ұлының үлкені.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927026-uly-transformatordagy-toqqa-tusip-koz-zumgan-aqmolalyq-kelinsek-zanaiqaiyn-aitty/

pixel