Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батып бара жатқан қарындасына көмекке келген ер адам онымен бірге суға батып кетті

Опубликовано:

Су
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында 17 жастағы бойжеткен мен оны құтқармақ болған 48 жастағы ағасы суға кетіп қайтыс болды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлайды.

ТЖД мәліметінше, оқиға 12 тамыз күні Бөрлі ауданында орналасқан Березовка өзенінде болған.

Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 17 жастағы қыз бен 48 жастағы ер адамның денесін судан алып шыққан.

Ер адам шомылуға жабдықталмаған жерде суға түскен қарындасын құтқарамын деп батып кеткен.

Еске салсақ, бұған дейін Оралда өзенге батып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі табылған болатын.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 11 тамыз күні "Самал-3" шағынауданында демалыс аймағының аумағында болған.

Күзетші Шаған өзенінен 2001 жылғы жігіттің денесін шығарып алған. Марқұм белгісіз жағдайда киімімен суға батып кеткен.

Одан бөлек, Алматы облысында 14 жастағы жасөспірім мен 5 жасар қыз суға батып кеткен еді.

Бірінші жағдай Іле ауданындағы Қозөзен ауылының маңында, екінші жағдай Қапшағайда орын алған.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында да сегіз жасар бала суға батып кеткен еді.

Қайғылы оқиға 3 шілде күні Ақжайық ауданы Алғабас ауылы шетіндегі Көшім каналында болған. Сегіз жасар жеткіншек шомылуға жабдықталмаған жерде суға кеткен.

Осы орайда ТЖ мамандары тұрғындарға суға түскен кезде қауіпсіздік ережесін ұмытпау керек екенін еске салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1927055-batyp-bara-zatqan-qaryndasyna-komekke-kelgen-er-adam-tuysymen-birge-suga-batyp-ketti/

pixel