RU

Оралдағы демалыс аймағында 2001 жылғы жігіттің денесі табылды

өзен11
Көрнекі фото: pixabay.com

Оралда өзенге батып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 11 тамыз күні таңмен «Самал-3» шағынауданында «Set Sail» демалыс аймағы аумағында болды.

Сағат 09.10-да күзетші Шаған өзенінен 2001 жылғы жігіттің денесін шығарып алған.

Марқұм сағат 08.00-де белгісіз жағдайда киімшең күйінде суға батып кеткен.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Осымен өңірде жыл басынан бері 27 адам суға кетсе, соның 9-ы – жасөспірімдер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926759-oraldagy-demalys-aimagynda-2001-zylgy-zigittin-denesi-tabyldy/